Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Ақырын жүріп анық бас»: журналист Алтай Көлгіновті тосырқатып тастады (ВИДЕО)

Журналист әкімдіктің Абай ескерткішінің жанында орналасқанын алға тартып, әкімнен “әкім Алтай Абайды оқи ма?” дей келе, Абай өлеңінен үзінді оқып беруін сұрады.

Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне журналист тарапынан күтпеген сұрақ қойылды, деп жазадыZanmedia.kz  Skifnews.kz ақпарат портана сілтеме жасап.

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында қала әкімінің журналистермен кездесуі өткен болатын.

Алтай Көлгінов елордамыздың қазіргі халін бүкпесіз баяндап, журналистердің де сұрақтарына жауап берді. Алда атқарылатын іс-шаралардың барысымен таныстырды.

Осы орайда ұлттық арнаның журналисі Әлімжан Сабыржанұлы әкімге ерекше сұрақ қойып, журналистерді елең еткізіп қойды.Бұл туралы Жарқын Түсіпбекұлы Facebook-парақшасына жазды.

Биыл Абайдың 175 жылдығы еліміздің түкпір-түкпірінде аталып өтетіні бәріне мәлім. Журналист әкімдіктің Абай ескерткішінің жанында орналасқанын алға тартып, одан “әкім Алтай Абайды оқи ма?” дей келе, Абай өлеңінен үзінді оқып беруін сұрады.

“Абайдың 175 жылдығы қарсаңында елордамызда “Абай әлемі” орталығы ашылады. Ұлы Абай қазақтың тала кемшілігін көтерген, қазақтың болмысын айтқан тұлға. Абайдың қара сөздерінің өзі қазіргі уақытқа дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” десе, “Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға”. Түбіне келгенде барлығы еңбекке келіп тұр.

“Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен қулық сақтап,
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Сондықтан түбіне келгенде бәрі сол – ақыл, ой, парасат, мәдениет. Қазақты сол кезден еңбекқорлыққа шақырған. Қазақтың дархан даласында, елордамызда жұмыс істеп жатырмыз, барлығымыз еңбектеніп. Хәкім Абайды ұмытпайтын болсақ, еңбекте нәтижеміз оң болады”, – деп Ұлы ақынның әр өлең шумақтарынан үзінді айтып, басын қайырды әкім.

 

Комментарий