Қоғам | Общество

«Қазақстандағы дарынды жастардың шетелге кетуі алаңдатады» – Владимир Божко

Депутат көтерген мәселеге байланысты Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жауап берді.

Мәжіліс депутаты Қазақстанда талантты түлектерді өзімізде ұстап қалатын, оларды жұмыспен қамтамасыз ететін дұрыс жүйе жоқтығын айтты, деп жазады Азаттық рухы.

Бұл туралы Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божко Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің қатысуымен өткен кездесуде айтты.

«Біздің алаңдататын не? Қазақстандағы дарынды жастардың шетелге кетуі алаңдатады. Біз бұлай болғаны жарамайды деп премьер-министрдің атына хат жаздық. Мен біздегі аймақтармен тікелей жұмыс жасап, балаларды оқуға қабылдап жатқан көптеген университеттерге назар аударғым келеді. Бірақ бізде оларды өзімізде ұстап қалудың және жұмыспен қамтамасыз етудің дұрыс жүйесі жоқ», – деді депутат.

Депутат көтерген мәселеге байланысты Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жауап берді.

«Түлектерімізге қатысты қысқаша тоқталсақ. Өткен жылы 862 түлегіміз (қарағандылық жастар –ред.) Ресейдің ЖОО-ларына түсті, бұл шамамен 11,5%. Бірақ бұл көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғанда төмен, бұрын 12,5% болған. Біз өз түлектеріміздің болашағы үшін күресетінімізді айтқым келеді», – деді Абзал Нүкенов.

Комментарий