Елең еткізер | АктуальноҚоғам | ОбществоМәдениет | Культура

Журналистика кафедрасын айтыскер басқарады

 Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазы жаңа қызметке тағайындалды.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, профессор Е.Сыдықовтың бұйрығымен “Журналистика және саясаттану” факультеті “Телерадио және қоғаммен байланыс” кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды, – делінген университеттің баспасөз хабарламасында.

Серікзат Дүйсенғазы бұған дейін аталған оқу орнында оқытушы, аға оқытушы, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология факультеті деканының орынбасары қызметтерін атқарған. Соңғы бір жыл көлемінде “Қазақстан” РТРК” АҚ бас редакторы болды.

Одан бөлек, заң ғылымдарының докторы Еркін Оңғарбаев ЕҰУ оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор, философия ғылымдарының докторы Ғазиз Телебаев әлеуметтік ғылымдар факультеті философия кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

 

 

 

Bag.kz

 

Комментарий