Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Сапарбаев: Әр балаға 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев көпбалалы отбасындағы әр бүлдіршінге 20 мың теңгеден төлеу дұрыс емес екенін мәлімдеді.

Вице-премьер атаулы әлеуметтік көмектің күнкөріс деңгейі төмен отбасылардың жағдайын реттеу үшін ғана уақытша берілетінін еске салды.

Оның айтуынша, үкіметтің негізгі ұстанымы – біріншіден, көп балалы отбасыларды қолдау.

“Екіншіден, бес балаға қанша шығын кетеді не 1-2 балаға қанша шығын кететінін өздеріңіз білесіздер. Барлығына 20 мың теңгеден төлеу деген дұрыс емес. Себебі, біріншіден оған кететін қаржыны есептеуіміз керек. Екіншісін жаңа айтып кеттім. Ең негізгі мәселе біз халықты жұмыс істеуге, мұқтаж адамдарға беруіміз керек”, – деді Сапарбаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа заң аясында табысы төмен отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалатынын айтқан болатын.

Сонымен қатар, отбасында еңбекке жарамды адамдар болса, оларға жұмыс ұсынылатынын, ал егер де жұмысқа қабілетті адам қызметтен бас тартса, онда АӘК бүкіл отбасына төленбейтін еске салған еді.

Комментарий