Құқық | Право

ІІМ: 2019 жылы мыңнан астам зорлық әрекеті тіркелді

2019 жылы Қазақстанда мыңнан астам зорлық ісі тіркелген. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің кезекті отырысында тергеу департтаментігінің басшысы Санжар Әділов мәлімдеді.

Санжар Әділовтың сөзінше 2018 жылмен салыстырғанда өткен жылы зорлық-зомбылықтардың саны азайыпты.

“2019 жылы 1047 зорлық ісі тіркелді. Олардың 15 пайызында (154) кәмелетке толмаған балалар зәбір көрген. 2018 жылмен салыстырғанда зорлық әрекеттерінің саны тұрақты түрде азайды, дегенмен балаларға қарсы қылмыстың тоқтауы біздің үрейімізді туғызуда”, – деді Әділов.

Осыған ұқсас қылмыс ретінде жыныстық қатынасқа күштеп тарту саналады екен.

“Мұндай қылмыстардың саны 34 пайызды (361) құрайды. Қылмыстың бұл түрі де адамға қарсы, оның ішінде кәмелет жасына толмағандардың психикасы мен денсаулығына кері әсер ететіні сөзсіз. Бұған қоса жыныстық қатынасқа күштеп тарту қоғамның мәдениетін төмендептіп, анайы әрекеттің көбеюіне алып келеді. Сол себепті қылмыскерлерді асқан қатаңдықпен жауапкершілікке тарту – мемлекет тарапынан көрсетілетін әділетті жаза”, – деп қосты тергеу департаменттігінің басшысы.

 

Stan.kz

Комментарий