Бас тақырып | Тема дняҚұқық | Право

Қорғаста елге заңсыз шаян, бұлбұл және тасбақа алып кірмек болғандар ұсталды

Кеше, 26 наурызда Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында қазақстандық 29 жастағы қыз бен  54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шекара қызметіндегілердің мәліметінше, 29 жастағы қыз өзімен бірге 120 дана, жалпы құны 540 000 теңге тұратын LRS 100-24 маркалы импульс қуат көзін алып кірмекші болған.
“Аталған отрядтың “Нұр-жолы” жолаушылар тексеру бөлімшесінде  қазақстандық 54 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар өздерімен бірге жолаушылар автобусымен ҚХР-дан 20 боршатышқан (бурундук), 16 ементұмсық (дубонос) текті құс, 24 бұлбұл, 40 тасбақа, 50 тритон және 10 теңіз шаянын елімізге алып кірмек болған”, – деп хабарлады шекара қызметіндегілер.
Заңсыз тауарлар мен жануарлардың актіленіп “Алтынкөл” кеден бекетіне тапсырылғаны айтылады.

Комментарий