Саясат | Политика

Тоқаев Сыздықовты сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындады

Марат Сыздықов ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

“Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Зеникенұлы Сыздықов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.  Марат Сыздықов Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институтының директоры, сондай-ақ Қазақстанның Ресейдегі елшілігіндегі кеңесші-уәкіл қызметін атқарған.

Комментарий