Қоғам | Общество

Қазақстандықтар қанша елге визасыз бара алады

Henley & Partners компаниясы 200 мемлекеттің визалық ережесін салыстыра отырып, жаңартылған Паспорт индексін жариялады.

Осымен үшінші жыл қатарынан Жапония аталмыш индексте 1-ші орында тұр. Бұл елдің азаматтары визасыз (немесе келу бойынша визамен) әлемнің 191 мемлекетіне бара алады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда бір елге артық.

Сингапур 190 елмен 2-ші орынды сақтап қалды.

Оңтүстік Корея бір жыл ішінде бір орынға түсіп, енді Германиямен 3-ші орынды бөлісіп тұр (189 бағыт).

АҚШ пен Ұлыбритания рейтингте әрі қарай төмендеп келеді. Олар бір жыл ішінде 6-шы орыннан 8-шіге (визасыз 184 ел) түскен. Айта кетейік, 5 жыл бұрын бұл екі ел индекстің көшбасшысы еді.

188 елмен Финляндия мен Италия 4-ші орында, ал Дания, Люксембург және Испания – 5-ші орында келеді. Бұл елдердің паспортымен визасыз 187 мемлекетке бара аласыз.

Индекстің тарихи көрсеткіштері БАӘ-ге тиесілі. Араб мемлекеті соңғы 15 жылда 47 пунктке көтеріліп, енді 18-ші орында тұр. Ел азаматтары визасыз 171 мемлекетке бара алады.

Көш соңында әлі күнге дейін Ауғанстан келеді. Осы елдің азаматтары визасыз бар болғаны 26 мемлекетке сапарлай алады.

Бір қызығы, бірінші орындағы Жапония мен соңғы орындағы Ауғанстан арасы – 165 орын. Бұл индекстің 15 жылдық тарихындағы ең үлкен айырмашылық.

Қазақстанның рейтингтегі орны (67-ші) өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды. Еліміздің азаматтары визасыз 76 елге сапар шегеді. Бұл жағынан еліміз Намибиямен бір орында.

Бір жыл ішінде Қазақстан азаматтары Сенегал мен Сауд Арабиясына визасыз баруға мүмкіндік алды. Алайда Бенин мен Джибути сияқты мемлекеттерге енді виза жоқ.

Комментарий