Кеме кезекшісі марқұмның денесі тапқан кезде дереу жәдел-жәрдем шақырған.
Ақтауда кемеде теңізшінің денесі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, tumba.kz-ке сілтеме жасап.
18 жастағы жігіттің «Қазақстан» кемесінде асылып қалғаны жөнінде облыстың денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Кеме кезекшісі марқұмның денесі тапқан кезде дереу жәдел-жәрдем шақырған.
Оқиға орнына жеткен медицина мамандары теңізшінің қаза тапқанын анықтаған.
Қазіргі кезде кісі өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі Ақтау гарнизонының әскери полициясы қарастырып жатыр.
Комментарий