Талқыдағы тақырып

Сая Қасымбек: ” Әлеуметтік министрлігінде іші пысқан біреу отыр-ау дейм? “

Ойпырм-ай, ешқандай жәрдемақы жоқ кезде бала туып, жетілдіріп алғаныма қуанамын?!

Бермейтінін біліп, алаңдамай тырбаңдадық қой. Қазір, балаға жәрдемақыны ай сайын құбылтып, әйелдерді таза жынды қылды иә? Байғұстар бір кезеңге құжатын өліп-талып өткізгенде, екінші түрін ойлап тапты.

Әлеуметтік министрлігінде іші пысқан біреу отыр-ау дейм? Ананша құжат жинау дегенің?.. Байғұс келіндер туғысы келмей қалатын шығар ә? Неге 4 баладан жоғарыға ғана жәрдемақы төленеді? 1-2-3 бала туғанның жазығы не?! Ол балалар қазақ қоғамының мүшесі емес пе? Мәселен, үш бала мен әйелін бір өзі бағу, мына заманда еркекке жеңіл деп кім айтты?! Ол балалар да тиісті жәрдемақыны кәмелетке жеткенше алуға Мемлекет алдында құқылы! Опшым, біздің заңды тек “Заң шығарғыштар” ғана түсіне алады.

Шындығында солардың өздері түсінетіне күмәнім бар. Жәй. Көрші келінмен сөйлесіп қап ем, соңғы жаңалықты тәжірбие түрінде кешіп жатқанын айтқанда келген ой ғой.

Комментарий