Әлемде | В мире

Австралияда жаубырдың жауғанын көрген өрт сөндірушілер билеп жіберді (ВИДЕО)

Бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан орман өртінен 24 адам қаза тауып, 2 мыңға жуық үйдің күлі көкке ұшқан.

2019 жылдың қыркүйегінен бері жалғасып келе жатқан өрттен 500 млн-ға жуық жан-жануарын жоғалтқан Австралия халқының қуанышында шек жоқ. Себебі олардың жерінде көптен күткен жаңбыр жауды, деп хабарлайды zanmedia.kz  Skifnews.kzақпарат порталына сілеме жасап.

Желіде австралиялықтардың жауын-шашынға қуанған сәті түсірілген видео таралуда. Бұл оқиға әлем халқын да бей-жай қалдырмады.Жұртты тебірентерлік видеодан өрт сөндірушілер мен мен жергілікті тұрғындардың жаңбырдың жауғанына қуанып би билеп, күліп жүргенін аңғаруға болады.

Әйтсе де, жергілікті өрт сөндірушілер мол жаңбырға үміттеніп отырған жоқ. Синоптиктердің болжамынша, температура әлі жоғарылайды.

Айта кетейік, Австралия премьер-министрі Скотт Моррисон өрт сөндірушілерге көмек көрсету үшін қаржыландыру көлемін 2 миллиард австралиялық долларға арттыратынын хабарлаған. Бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан орман өртінен 24 адам қаза тауып, 2 мыңға жуық үйдің күлі көкке ұшқан.

Фото: Новости-N

Ал кейбір деректерге сүйенсек, 8 мың коала мен 100 мыңдаған басқа да жануар жанып кеткен. Қазіргі уақытта Австралияда қатты желдің салдарынан жоғары жылдамдықта тарап жатқан қызыл жалынға өрт сөндірушілердің шамасы жетпей жатыр.

Комментарий