Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ұстаздарға халықты санаққа алуға тартқаны үшін жалақы төленеді

Мұғалімдердің тұрғындарды санақтан өткізу кезінде қосымша ақша табуына рұқсат берілді.

“Тұрғындарды санақтан өткізу кезінде келісімшарт толтырылып, оны атқарған адамға ақша төленеді. Бұл ұстаздардың құқығы. Жұмыс уақытынан тыс кезде санаққа қатысуы не қатыспауы олардың өз еріктерінде. Мемлекеттік қызметкерлер сияқты мұғалімдердің жұмыстарына шектеу қойылмайды”, – деді білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

Егер оқытушылар жұмыстан тыс уақытта қосымша ақша табу мақсатында тұрғындарды есепке алуға қатысса, оларға ақшаны ұлттық экономика министрлігі төлейді.

“Бірақ ұстаздарды сабақ кезінде ақысыз және оның келісімінсіз жұмысқа тартуға рұқсат берілмейді. Бұл тура заң 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды”, – деді шенеунік.

Тұрғындарды санаққа алу 2020 жылдың қазан айында жүзеге асырылады.

Комментарий