Саясат | Политика

Банкетте жаға жыртысқан алматылық шенеуніктер қызметтен босатылды

Әлеуметтік желіге таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді.

Алматы облысына қарасты Жамбыл ауданы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы мен мәдениет үйінің қызметкері жылы орнынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, КТК арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ал аудан әкімінің орынбасары Алмас Әбдібаев қызметтік тексеріс аяқталғанша, уақытша жұмысынан шеттетілген. Олар 25 желтоқсанда Ұзынағаштағы мейрамханалардың бірінде болған банкетте өзара қырылысқан.

Әлеуметтік желіге таралған видеода әкімдік қызметкерлерінің бір-біріне үстел лақтырып, мейрамхананың ішін астаң-кестең қылғаны анық көрінеді. Бір жарым ай бұрын ғана жаңа лауазымға тағайындалған әкім орынбасары мен бөлім маманы Мәдениет үйінің қызметкерін жабылып сабаған.

Десе де, қызуқанды шенеунік мейрамханаға келген шығынды өтеп беріпті. Соған қарамастан, тентектік жасаған әкімдік қызметкерлері сот алдында жауап береді.

Комментарий