Шоу бизнес

“Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың ұлы көз жұмды

Танымал әнші, “Жігіттер квартетінің” солисті Ердос Қанаевтың ұлы 9 жасында көз жұмды.

Бұл туралы Сәкен Майғазиев өзінің Instagramпарақшасында жариялап, өнердегі әріптесіне көңіл айтты.

Әншінің баласының жерлеу рәсімі Тұздыбастау ауылы, Орынтай ықшам ауданында сағат 14:00-де өтеді екен.

“Иманы берік алтын бауырым, Ердостай, тұла бойы тұңғыштарыңды Алла тағала мейіріміне бөлегей. Әбдурахим баламыз келін екеуіңе қияметте шапағатшы болсын”, – деп жазыпты әнші.

Бұған дейін Ердос Қанаев алғаш рет 9 жыл жасырған ұлына қатысты құпиясымен бөліскені айтылған еді. Әнші ұлының ауыр диагнозбен туылып, екі ай вакуумде жатқанын жеткізген.

Комментарий