Талқыдағы тақырып

Балжан Қалақова:”Сергектің мыңын орнатса да артық болмас деп ойлайсың”

Алматыда 400 “Сергек” камерасын орнатады екен деген ақпаратты желіде бөлісіп, “жақсы болған екен” деген сипатта пікірлер күткем ғой.🙈 Сөйтсем, бір де бір ондай пікір болмады. Пікірлер кілең: “халықты енді осылай сормақ”, “қытайлар бізді аңду үшін камералар орнатып отыр”, “анау шендінің бизнесі бұл” деген мазмұнда.

Фейсбуктегілер Жұлдыз Әбділда айтпақшы, әділет сүйгіш, жемқорлыққа жаны қас адамдар емес екен. 😕
Әйтпесе Асылхан Мамашұлы келтірген мына қорқынышты деректерге қарап Сергектің мыңын орнатса да артық болмас деп ойлайсың. “16 – 22 желтоқсан аралығында жол апатынан 139 адам жарақаттанып, 39 адам өлген. 😱
2019 жылы қаңтар-тамыз арасында жол апатынан 13,4 мың адам жарақаттанып, 1,3 мың адам өлген.
2018 жылы 20,4 мың адам жарақаттанып, 2,1 мың адам өлген”.😱😱😱

Комментарий