Талқыдағы тақырып

Жазира Бегалы:”Әйелді ұратын, зорлайтын еркектердің сазайын тартқызатын заң керек”

Өзіне иттік жасап, намысын таптаған еркекке тұрмысқа шығуыма көмектесіңіз дейді бейтаныс қыз.

Бұл жігітке жаза жоқ. Себебі біздің елде әйелдің құқығын қорғау қиямет -қайым ғой. Алынбайтын тас қамал сияқты айтыс-тартысы қатты , айқай-шуы ащы. Яғни кімнің асығы алшысынан түсетінін құдай біледі.

Ары тапталып, ғашық адамнан жәбірленген қызды ақтау, әйелді қорғау үшін жәбірленушіге де, қорғаушысына да болаттай берік жүйке керек.

Бойжеткенге гинекологқа барыңыз деп кеңес бердім. Мұны эфирге шығарып, әрі қарай екеуі елдің бетіне қалай қарайды деп алаңдап, аз-маз кеңес бердім.

Дегенмен осындай ұл тәрбиелеген ата-ана қалай жер басып жүреді?

Жалпы әйелді ұратын, зорлайтын еркектердің сазайын тартқызатын заң керек.

Комментарий