Қоғам | Общество

Алдағы уақытта күн суытады: боран соғып,көктайғақ болады

Қазақстандықтар 7-9 қаңтар аралығында қар жауады, боран соғып, көктайғақ болады .

“Қазақстанның оңтүстік облыстарына жылжыған циклонмен жауын-шашын, көбінесе жылбысқы қар түрінде, тұман, көктайғақ және ауа температурасының аздаған төмендеуі күтіледі. Ал республиканың басқа аймақтары Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың ықпалында болады, соған байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, батыстан екпінде жел және ауа температурасының төмендеуі болжанып отыр”, – деп хабарлады Қазгидромет.

Сондай-ақ, суытуға қарамастан ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болады, тек оңтүстікте және шығыста орташа климаттық норма жақын ауа температурасы күтіледі.

Комментарий