Құқық | Право

Жомарт Ертаев кінәсін толықтай мойындады

Жомарт Ертаев басқа тұлғалармен алдын ала сөз байласып, қызметтік жағдайын пайдалана отырып, миллиардтаған қаржыны жымқыруды ұйымдастырды деген күдікке ілінген болатын. Ол жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Экс-банкир Жомарт Ертаев ірі көлемдегі ақшаны жымқырғанын толықтай мойындады, деп хабарлайды Zanmedia.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Алматыда бизнесмен, қаржылық сарапшы Жомарт Ертаевтың ісі сотта қаралып жатыр.

Экс банкирден бөлек, тағы 36 адам бар. Үш адам зардап шегуші ретінде келіп отыр.

Істі Алмалы аудандық сотының судьясы Роман Селицкий қарауда. Барлығы 700 том мен 46 эпизод. Айыптау актісі 280 беттен тұрады. Ол бірнеше күн оқылды.

Банкирге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденді немесе талан-таражға салды деген айып (ҚК 189-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) тағылды.

sputniknews.kz

Комментарий