Қоғам | Общество

Елордада АӘК алуға өтініш қабылдана бастады

Бүгіннен бастап елордада халықты атаулы әлеуметтік көмекпен барынша қамту мақсатында азаматтардың өтініштерін қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Құжаттарды қабылдау Алматы, Байқоңыр, Есіл, Сарыарқа аудандарының әкімдіктерінде, Халықты Жұмыспен қамту орталығында, “Жанұя” отбасын институтын қолдау орталығында іске асады.

Сапалы көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды қабылдау алфавиттік тәртіпте өтуде. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек өтініш берілген айынан бастап, өтініш берілген күніне қарамастан тағайындалатындығын атап өткен жөн. Яғни, өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде тапсырылса, онда төлем толық ай бойы төленеді. Құжат тапсырушы азаматтар өтініш, сәйкестендіру үшін жеке куәлікті ұсыну қажет.

Сондай-ақ, АӘК-ті тағайындау үшін тұрғылықты жеріңізде тұрақты немесе кемінде 6 ай уақытша тіркеу болу керек.

Естеріңізге салсақ, атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері бұрынғыдай отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісі мен отбасының әр мүшесі үшін күнкөріс деңгейінің (КД) 70% арасындағы айырмашылықты құрайды (2020 жылдың 1-ші тоқсанына КД – 34 654 теңге, кедейлік шегі – 22 258 теңге).

Bag.kz

Комментарий