Әлемде | В мире

“Бассыздық па, әлде батылдық па?”: 45 көлік бірден суға батып кетті (видео)

Ресейдегі Приморский ауданында 45 көлік бірден суға батты.

Көліктердің жаппай мұздың астына кетуі түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Бейнежазбада кейбір жүргізушілердің өздерінің темір тұлпарларын су құрсауынан құтқаруға тырысып жатқандығы байқалады.

Ресейдің ТЖ министрлігінің өкілдері суға 45 көлік батып кеткендігін мәлімдеді. Оқиғаның салдарынан ешкім зардап шекпеді.

“Бассыздық па, әлде батылдық па?”- деп жазыпты желі қолданушылары оқиғаны күлкіге айналдырып.

Дегенмен көлік иелерінің күлетін уақыт жоқ көрінеді. Олар темір тұлпарларын өз күштерімен шығарып, тырысып бағуда.

 

Комментарий