Бас тақырып | Тема дняСаясат | Политика

Тоқаев 2020 жылғы жұмыстың басым бағыттарын пысықтады

Бүгін Ақордада өткен жиында 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.

“Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды”, – делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Комментарий