Құқық | Право

«Ерлан Тұрғымбаев отставкіге кетсін!»: белгілі заңгер енді полицейлердің «бандиттігін» бетке басты

Осылайша нағыз ұрылар көшеде тайраңдап жүріп, жап-жас жігіттер бірнеше қылмысты мойындарына алып кетіп жатыр.

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, заңгер Айгүл Орынбек енді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап етіп отыр. Себебі, оның қоластындағы ұрдажық шенділер жазықсыз адамдарға жасамаған қылмысын «мойындату» үшін қоқан-лоққы көрсетеді екен.

«Жүйені өзгерте алмайсыз ба, Ерлан мырза!? Отставкіге кетіңіз! Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданында болған оқиға – мал ұрлығын ұрып мойындату! Адамды бүйрегінен айырып, қолдан мүгедек жасау! Бұл тек бір облыста болып жатқан дүние емес!

Түркістан облысы, Түркістан қаласында осыдан үш күн бұрын шырылдап бір ана звондады! Баламды ұйықтап жатқан жерінен алып кетті деп. Баласына полиция қызметкерлері қалпақ әкеліп бер деген екен! Баласына кірсе, басы жарылған, басқа да мал ұрлығы бойынша қылмыстық істерді мойныңа ал деген! Баласы алмаймын деген соң, басын жарып, ұрған көрінеді!

Дәл осындай оқиға Созақта болған. «Мал ұрлығын мойныңа ал» деп ұрған-соққан, ақыр аяғында 1 500 000 беріп құтылған! Бәріне айғағым бар, көмек сұрап жазған аналардың хаты бар! Кентау қаласында мал ұрлаған ұрыны ұстап апарып бергенде, полиция қызметкерлері босатып жіберген!» – дейді Айгүл Орынбек.

Оның айтуынша, осылайша нағыз ұрылар көшеде тайраңдап жүріп, жап-жас жігіттер бірнеше қылмысты мойындарына алып кетіп жатыр. Сондықтан да ол полицияда реформа болып, халықтың құқығы сақталып, қауіпсіздігіміз күшейді дегенге сенбейді.

«Егер жұмысыңызды істей алмайсыз ба, орныңызды істей алатын адамға беріңіз! Әр министрдің еркелігін көтеріп жүретін уақыт жоқ! Бүкіл халықты кейбір бандит қызметкерлеріңіз қырып жібермей тұрғанда, орныңызды босатқаныңыз дұрыс-ау!» – деп отыр, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа қарата.

Комментарий