Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Ақтөбеде жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Ақтөбе облысында іс-түссіз жоғалған оқушының денесі табылды.

Ақтөбеде жүзден аста адам бірігіп іздеген, 11 сынып оқушысы Анатолий Лебедев өлі күйінде табылды. Бұл туралы облыстық ПД мәлімдеді.

Бозбаланың денесін Алғын ауданына қарасты Қарақұдық ауылынан 4 шақырым жерден іздеу тобы анықтапты.

“Баланың денесінен жарақаттар байқалмайды. Алдын ала болжамдар бойынша бала үсіп өлген. Арнайы сараптамалар тағайындалды”, – деді ПД қызметкерлері.

Қайғылы оқиғаға байланысты тергеу басталып кеткен.

Бұған дейін Ақтөбе облысында жасөспірім Жаңа жыл түні із-түссіз жоғалып кеткендігі айтылған еді. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері, еріктілерден және ауыл әкімдігі қызметкерлерінен құралған топ қатысқан.

Комментарий