Әлемде | В мире

Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырады: 18 адам көз жұмды

Судандағы Батыс Дарфурда 2 қаңтар күні әскери “Ан-12” ұшағы апатқа ұшырады.

Әуе кемесі аспанға көтерілген соң бірнеше минуттан кейін бірден құлаған. Салдарынан 18 адам көз жұмды. Олардың арасында әскери қызметкерлер, судьялар мен балалар да бар көрінеді.

“Ұшақ 5 минуттан кейін апатқа ұшырады. Бортта 7 экипаж мүшесі, үш судья мен 7 азамат болды. Көз жұмғандардың арасында балалар да бар”, – деді Судан әскерінің ресми өкілі Амера Мұхамед әл-Хасан

Оның айтуынша, апатқа себеп болған жағдай анықталуда.

Өткен жылы да бірнеше “Ан-12” жүк тасымалдаушы ұшақтары ұша саласымен, жерге құлап жарылған еді.

Комментарий