Аймақ | РегионЕлең еткізер | Актуально

Шығыс Қазақстанда екі бозбала баллонмен сырғанаймын деп көліктің астына кіріп кетті

Шығыс Қазақстанда көлікке резіңке баллон байлап, сырғанамақшы болған екі жігіт мерт болды.

Қайғылы жағдай Бесқарағай ауданында орын алған. Үш жігіт жол үстінде көңіл көтермекші болған. Nissan Terrano маркалы көлік мінген 19 жастағы бозбала 2001 және 2002 жылғы жасөспірімдерді көлігіне шегіп, сырғанатып сүйремекші болыпты. Алайда Семей-Долонь тас жолында сырғанап келе жатқан екі тұрғын Nissan X-trail көлігінің астына кіріп кетеді. Өкінішке орай, алған жарақаттарының әсерінен екеуі де сол мезетте көз жұмған.

Достарын сүйреп, сауық құрмақшы болған жүргізуші уақытша тергеу абақтысына қамауға алыныпты. Қазіргі таңда ҚР КК-нің 4 бабы 345-ші “Жол ережесін бұзып, екі не одан көп адамдардың өліміне себеп болғаны үшін” тармағы бойынша сот алды тексеріс жұмыстары жүргізілуде.

Комментарий