Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Елімізде 45 мыңға жуық қырғыз жүр

Бұған қоса, Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған «қара тізімге» 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды.

Қырғызстанның 850 мың азаматы шетелде уақытша немесе тұрақты тұрып жатыр. Бұл туралы Консулдық қызмет департаментінің директоры Алмаз Иманғазиев журналистерге баспасөз конференциясында хабарлады.

 

Шетелдегі қырғызстандықтардың дені Ресейде жүр. Ол елдің көші-қон қызметіне Қырғызстанның 571 мың азаматы тіркелген.

Иманғазиевтің хабарлауынша, Қазақстанда 35-45 мың «айыр қалпақты ағайын» бар. АҚШ пен Канадада – 15-20 мың, Италияда – 5,5-6 мың, Біріккен Араб Әмірліктерінде – 4-5 мың, Ұлыбританияда – шамамен 2 мың, басқа да елдерде – шамамен 10 мың.

Бұған қоса, Ресейдің көші-қон қызметі дайындаған «қара тізімге» 60 мың қырғызстандық ілінгені мәлім болды. Бұл тізімде 2017 жылы 100 мыңнан астам қырғызстандық болған.

 

abai.kz

Комментарий