Құқық | Право

Қазақстандық студент Омбыда қаза тапты

Қазақстандық студент Омбыда жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапты, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.

Оқиға 23 наурызда кешкі уақытта болды. Жаяу жүргіншілерге арналған жолда Инна Федерованы Toyota маркалы автокөлігі қағып кеткен. Миы зақымдалған қыз бала ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Алған жарақатының тым ауыр болуына байланысты қыз бала ес жимастан қайтыс болды.  “Қайғылы оқиға қаза болған қыздың туыстарына хабарланды. Ресей ІІББ Омбы облысы тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс қозғалуға іс материалдары жинастырылып жатыр. Қазақстанның консулдығы осы істі бақылауға алды және құқық қорғау органдарымен байланыста”, – деді Смадияров. Инна Омбы мемлекеттік техникалық университетінің екінші курс студенті болған.

Комментарий