Құқық | Право

Bek Air басшысы: Отаннан орын табылмаса, Қырғызстанға кетеміз

Bek Air басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов әуе компаниясына отанында ұшуға тыйым салса, өздерінің жұмысын басқа мемлекетте жалғастыратынын мәлімдеді.

«Егер отанымызда бізге орын табылмаса, біз бір жаққа кірігуіміз керек қой? «Түрік жағажайын» іздейтін боламыз. Бәлкім бұл Қырғызстан болады, мүмкін одан басқа. Көреміз, өмір көрсетеді», – деді Нұрлан Жұмасұлтанов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Bek Air ұшақ апаты кезінде жүкті әйелді өз денесімен жауып, оған көмектескен азамат жайлы айтылған еді. Ол өзінің жарақаттарына қарамастан, басқа жолаушыларға ұшақтың сыртына шығуына көмектескен.

 

Liter.kz

 

Комментарий