Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Бүгіннен бастап табысы аз азаматтарға несие берілмейді

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын, микроқаржы қызметін және салық салуды реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңына сәйкес, енді табысы аз азаматтар несие ала алмайды.

Бұл табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға қатысты. Қазіргі сәтте күнкөріс деңгейі 31 183 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жұмыссыздарға несие берілмейтін болады. Несие алу үшін соңғы 3-12 ай аралығында алған жалақы мөлшері туралы ресми ақпарат ұсыну керек.

Бұдан өзге заңнамалық актілерге 90 күн кешіктірілгеннен кейін жеке тұлғаларға барлық қамтамасыз етілмеген тұтынушылық қарыздар үшін тұрақсыздық айыбы мен алымдарды алуға тыйым салатын түзетулер әзірленді. Бұл қамтамасыз етілмеген тұтынушылық несие көлемінің өсуін шектейді.

Комментарий