Әлемде | В мире

Бір айдан кейін кейбір телефондарда WhatsApp жұмыс істемейді

Компанияның сайтында қосымшаның кейбір функциялары кез келген уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін екені айтылған

 WhatsApp мессенджері 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқалары орнатылған смартфондарда жұмыс істеуді тоқтатады. Бұл туралы бағдарламаны қолдау парақшасында хабарланды, деп жазды РИА Новости.

Қосымша жұмыс істеуі үшін құрылғыда Android оперативтік жүйесінің 4.0.3 және одан жоғары нұсқалары немесе iOS 9, KaiOS 2.5.1 және одан кейін шыққан нұсқалары болуы қажет.

Егер құрылғыларда бағдарламалық жасақтаманың ескі нұсқалары орнатылған болса, онда WhatsApp қолданушылары енді қосымшада тіркеліп, күнделікті есеп жазбасын пайдалана алмайды.

Сайтта компания ескі операциялық жүйелерде қосымшаның кейбір функциялары кез келген уақытта жұмысын тоқтатуы мүмкін екені аталып өткен.

Хабарламада 31 желтоқсанда Windows Phone қолданушылары да мессенджерді пайдалану мүмкіндігінен айырылғаны айтылды.

Комментарий