Бас тақырып | Тема дняЕлең еткізер | Актуально

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы ұлғайды

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы тағы бір мәрте ұзарды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 59 жас және 6 айды құрады.

Қазіргі сәтте ер адамдар 63 жаста зейнетке шығады. Ал әйелдердің зейнетке шығу жасы кезең-кезеңімен ұлғаяды. Өзгерістер 1960-1964 жылы дүниеге келгендерге қатысты.

2018 жылдың 1 қаңтарында әйелдердің зейнет жасы 58,5 жылды құрады.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдер 59,5 жаста шығатын болады.
2027 жылға қарай қазақстандық әйелдер 63 жаста зейнетке шығады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 59,5 жыл;

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60 жыл;

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 60,5 жыл;

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61 жыл;

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 61,5 жыл;

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62 жыл;

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 62,5 жыл;

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жыл.

Комментарий