Саясат | Политика

Тоқаев Маминмен кездесті

Премьер мемлекет басшысына еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындыларын баяндады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан экономикасын алдағы кезеңге жұмылдыру мәселелері де қарастырылды.

Сонымен қатар, үкіметтің 2020 жылы қаңтардың соңында өтетін кеңейтілген отырысына дайындық барысы талқыланды.

Кездесу соңында президент үкімет басшысына бірқатар нақты тапсырма берді.

Комментарий