Қоғам | Общество

Алматы облысында қараусыз қалған шахтадан үш жас жігіттің мәйіті табылды

Алматы облысы Текелі қаласында 25-26 жастағы үш жігіттің мәйіті қараусыз қалған шахтадан табылды. Қаза болған жігіттердің құжаттары, ақша мен ұялы телефондары өздерімен болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қайғылы жағдайды Текелі қаласының әкімі Бақтияр Өнербаев растады. “Қайғылы жағдай туралы маған тиісті қызметтер таңертең хабарлады. Жігіттер тауға демалуға шығып, қараусыз қалған шахтаға кіріп, газға уланып қалған болулары мүмкін.

Таудағы шахта осыдан ширек ғасыр бұрын жабылып қалған. Жазда малшылардан басқа ешкім болмайды.

“Кіруге болмайды, қауіпті” деп шахтаның аумағына жазылған арнайы белгілер қойылған“, – деді Бақтияр Өнербаев.

Қазір мәйіттер сот-зертханалық сараптамаға жіберілген.

1993-1994 жылғы жігіттердің нақты неден көз жұмғаны сараптамадан соң белгілі болмақ.

Комментарий