Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

2020 жылы Қазақстан Респуликасында «Еріктілер жылы» деп жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті.

Алматы телекомуникация және машина жасау колледжінің жастары « АКТиМ-жылуы» атты (еріктілер клубын)құрып, сол клубтың бірінші нәтижелі жұмысы Алматы телекомуникация және машина жасау колледжінің білімалушыларына «Аяз атаға хат» атты акция ұйымдастырып, білімалушыларға қайрымдылық іс жасап, сыйлықтар таратып, жақсы көңіл күй сыйлады.

Хат жазып отырып «Осы хат расымен де оқылар ма екен,хатқа түскен өтініш орындалар ма екен?» деген күдікті ойдың әр білімалушының бойында болғаны да рас. Жасыл шырша түбінде аяз атаның қолынан өзі қалаған затты алған кездегі сенер сенбесін білмей,таңырқаулы кейіпте қуаныштан жүздері бал-бұл жанған білімалушыларды көру қандай бақыт.

Бір адам жаққан отқа , мың адам жылынады деген бар, іс-шараны ұйымдастыруға қолдау көрсеткен, демеуші болған колледж ұжымына және де құрылғандарына аз ғана уақыт өтсе де «Атымтай жомарттығымен» көптеген игі іс-шаралардың басы–қасында жүрген «Алтын қадам» ұйымына алғысымыз шексіз. Ұйым мүшелерінің отбасыларына денсаулық, шаңырақтарына береке, жұмыстарына табыс , өздеріне сәттілік тілейміз . Әрқашанда, кез-келгеніміз қолдан келгенше жақсылық жасасақ,ол әр жүрекке жылылық ұялатады.Көмек беру-әр тұлғаның бойына дарыған тылсым дүние.Көмек көрсету-ұлы сезім ұялату.Адамның нәсіліне,ұлтына,түріне қарамай жақсылық жасау-әр адамның рухани байлығы,адамгершілігінің деңгейі, сана сезімінің жоғарылығы. Кез келген жанға қуаныш, күлкі, бақыт сыйлау, жанашыр болу, көмектесу, қайрымдылық көрсету, бұл өмірдегі баға жетпес істердің бірі екенін ешқашан ұмытпаған жөн.

 Мижигов Асхат Даулетжанович
Алматы телекомуникация және машина жасау колледжінің оқытушысы

Комментарий