Шоу бизнес

Байғали Серкебаев: Димаштың адамгершілігіне тәнтімін, өте қарапайым

Қазақстанның қоғам қайраткері, музыкант Байғали Серкебаев Димаш Құдайбергенмен бірге жұмыс істегендігін айтты. Сөзінше, жас өнерпаз онымен бірге бір сахнада А-студио тобының “Жаңа толқын” атты концертінде ән шырқапты.

Байғали Серкебаев Димаш орындаған “Грешная страсть” әні оның дауысына лайықталып, таңдап алынғандығын жеткізді.

“Біз Димашпен көп жұмыс істедік деп айта алмаймын. Ол “Жаңа толқын-2018” концертінде “Грешная страсть” әнін орындаған еді. Мен Димаштың бұл әнді шырқағанына қуаныштымын.  Меніңше бұл ән оның дауысына лайық. Ән екінші рет өмірге келді деп айтуға болады. Дегенмен Димаштың орындауымен Батырханды салыстырудың қажеті жоқ. Екеуі де әнді өз дауыстарына сәйкес айтып шықты. Олардың стилі де басқа, дауыс мәнері де екі түрлі”, – деді Серкебаев.

Бұған қоса ол басқа адамдар әнді орындауына байланысты Димаш пен Батырханды салыстыратындығын қосты.

“Көріп отырғанымыздай, Батырхан кезінде бұл әнді мүлдем басқалай айтып шыққан еді. Димаш сахнадағы ағасының жолын қуды деп айта аламыз. Димаш секілді адам өнерге келгенініен өте қатты қуанамын. Ол қарапайым әрі тәрбиелі әнші. Онымен кей кездері концерттерде жолығып қалған уақыттарымыз болады. Сыйластығымыз – жоғары. Үнемі келіп амандасып жүреді”, – деп аяқтады сөзін әртіс.

Комментарий