Құқық | Право

«Қону аймағында құрылыс нысандары болмауы керек еді» – авиакомпания өкілдері

Кеңес уақытында мұнда өте қатаң шектеулер болған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайының жанындағы құрылыстың заңдылығын анықтауды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы Bek Air өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды.

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуеайлақ маңындағы құрылыстың заңдылығын анықтауға тапсырма берді. Кеңес уақытында мұнда өте қатаң шектеулер болған. Тек қоршау бойында емес, әуе кемелерінің ұшып-көтерілу және қону аймағында құрылыс нысандары болмауы керек еді. Мұнда заңның бұзылғаны анық. Тергеу амалдары барлығын анықтайды”, – деді авиакомпания өкілдері.

Олардың айтуынша, бұл құрылыс нысаны жоқ болғанда, қаза тапқандар болмауы мүмкін еді.

Комментарий