Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

Көрсетілген көмек үшін мемлекетке банктер 1 трлн теңгеден астам қаржы қайтарады

2017 жылы 653 млрд теңге көлемінде мемлекеттік көмек алған бес ірі банк барлық қаржыны 13 жылдың ішінде қайтарады.  Екі жыл бұрын мемлекет бес банкті сауықтыру үшін қаржылық тұрақтылықты көтеру тұрғысында бағдарламаны іске қосты.

2014-2017 жылдары Қазақстанның банк секторы бірқатар қолайсыз факторларға тап болды, оның ішінде сыртқы конъюнктураның нашарлауы ықпал етті.

Сонымен бірге, бірқатар банктің қаржылық жағдайының нашарауы байқалып, бұл өз кезегінде экономиканы несиелендіру қарқынының баяулауына әсерін тигізді. Халықаралық рейтинг агенттіктері қазақстандық кейбір банктерге рейтингті қайта қарастырып, оларға қатысты теріс баға берді. Бұл ахуал капиталдандыру, банктердің табыстылығы мен тиімділігі көрсеткішіне қысымның артуына байланысты болды. Осыған байланысты жеке капиталы 45 млрд теңгеден кем емес екінші деңгейлі банктерге қолдау шешімі жасалды. Бұл тұрғыда шетелдік қатысумен еншілес банктер қамтылмады. Мұнымен қоса, акционерлер қатысушы банктерді қосымша қаржыландыруға міндетті болды. Бағдарлама талаптары бойынша қаржылық институттар жыл сайын «Қазақстан орнықтылық қоры» акционерлік қоғамына 4 пайыз немесе 26 млрд теңге теңге көлемінде сыйақы төлейді. Алдағы 13 жылда мемлекет банктерге берілген 653 млрд теңгенің орнына 1 трлн теңгеден астам қаржы алады.

Айта кетейік, бағдарлама экономиканы несиелендіру қарқынын көтеріп, шағын және орта бизнесті дамытуға оңтайлы әсер етті. Мемлекеттік қолдауды алған бес банк 2 трлн теңгеден астам займ берді.

 

.inform.kz

Комментарий