Қоғам | Общество

ІІМ басшысы Bek Air әуе апатының үш нұсқасын атады

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air ұшағының құлауының үш себебін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

“Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі – экипаж қатесі, екінгі – борттың техникалық ақауы, үшінші – навигация қызметінің жұмысы”, – деді ІІМ басшысы.

“Қазір оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Лайнер енді әуежай жаққа жеткізіліп, онда тағы да толық қараймыз”, – деді Тұрғынбаев.

Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.

Комментарий