Қоғам | Общество

Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қытай сотынан үкімді қайта қарауды сұрайды

Олардың айтуынша, өткендегі шешуші сотта Қытай соты қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған.

Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр, деп хабарлайды Skifnews.kzақпарат порталы, «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлаған. Олардың айтуынша, өткендегі шешуші сотта Қытай соты қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған.

Еске сала кетсек, таяуда ғана Қытайдың Гуанчжоу соты қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Ал Қытайдағы Қазақстан елшілігі өкілдерінің Ақжарқынмен кездесіп, түрмеде ағылшын тілін меңгеріп жатқан оған сол тілдегі кітаптарды табыс етуден басқа қолдарынан келетін қайраны болмады.

Жалпы, 2014 жылы наурызда Қытайда есірткі контрабандасымен ұсталған Ақжарқын өз кінәсін мойындаған жоқ. Алайда, 2015 жылы сотталды. Ал 2016 жылы үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілген болатын. Енді сол қайта қараудың биылғы нәтижесі жерлесіміз үшін өте ауыр шешім болып отыр.

Комментарий