Астана қаласы ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді. Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел орталығы Астана қаласын Нұр-Сұлтан деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы.
“Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы” 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына сəйкес қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Комментарий