Қоғам | Общество

Наурыз мейрамын тойлау кезінде 100-ге жуық адам суға батып өлді

Қайғылы оқиға Ирактың Мосул қаласына жақын жерде болған. Ирактағы Тигр өзенінде туристер паромы апатқа ұшырап, 100-ге жуық адам суға батып кетті, деп хабарлады BBC.

Қайғылы оқиға видеоға түсіп қалған. Онда паромдағы адамдарды су ағызып әкеткенін анық көруге болады.

Туристер паромы Наурыз мерекесіне орай жалға алыныпты. Оның бортында шамамен 200 адам отырған. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 93 жолаушы суға кеткен. Жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, паромдағы жолаушылардың басым бөлігі – әйелдер мен балалар. Олар жүзуді білмеген.

Алдын ала болжам бойынша трагедияға паромдағы адамның шектен тыс көп болуы мен Тигр өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі себеп болған.

 

Комментарий