Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген. Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында химия зауытында жарылыс болып, 64 адам көз жұмды, тағы 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп мәлімдеді Яньчэн қаласының мэрі Цао Лубао.
Цао Лубао зардап шеккен қалған 600-ден астам адамның жағдайына қатысты да түсініктеме берді.
“Дәл қазір қолда бар ақпарат бойынша қаладағы 16 ауруханаға 617 адам емделуге барған. Олардың 523-і жеңіл жарақат алған”, – деген қала басшысы ауруханалардағы 143 адамды дәрігерлер бақылауға алғанын айта кетті.
Жарылыс бейсенбі күні “Цзянсу Тяньцзяи” химия зауытында жергілікті уақыт бойына 14:00-де (Астана уақытымен 12:00) болды. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар осы провинцияда 2,2 магнитудалы жер сілкінісін тіркеген.
Комментарий