Талқыдағы тақырып

Мен елге жетіп алғанша, ең болмаса Қазақстанның атауын өзгертпей қоя тұрыңдаршы, Құдай үшін

Елдің бəрі бір-бірін мерекемен құттықтап жатыр. Мен күйіктен ішіп кетуге əзер отырмын:) Бірге ішетін адам таппай:))
Кеше Германияның оңтүстігінен солтүстігінде, Балтық жағалауына жайғасып алып, Эльба өзенін аймалап жатқан Еуропаның қақпасы Гамбургке келіп тұмсық тіредік. Енді ары қарай қайда барарымызды білмей дал болып отырмыз. Қайтар билетімізде “Эйр Астана” деп тұр. Астанаға қарай ұшуымыз керек. Еуропалықтар Астана деген қала жоқ, аулақ жүр деп, əуежайдан қайтарып жібере ме деп уайымдап отырмын:) Жас та емеспін, бір немістің етегінен ұстап, осында қала салатын:)) Мен елге жетіп алғанша, ең болмаса Қазақстанның атауын өзгертпей қоя тұрыңдаршы, Құдай үшін:))
Ойбуу, қатты күйгеннен ұмытып кете жаздаппын ғой!)) Айтпақшы, Наурыз мерекесі құтты болсын!

Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан

Комментарий