Талқыдағы тақырып

Карлыгаш Зарыкхановна: Неге өзгенің дамыған елдері тәрізді халықаралық талапқа сай медициналық ем алуға қақымыз жоқ?!

Қызымды синдром тернердің кесірі деп осындай деңгейге түсірді. Осы үшін кімнен өтеуін сұраймын! Кім жауап береді?! Екі жыл болды қақсап жазып жатқаныма. Министрлігің не департаменттен үн қатқан адам болмады. Енді Президентке дейін шығам!

Синдром тернер болса да қол-аяғы бар, өмірге деген құлшынысы керемет, сурет салатын, іс тігетін қолөнері қандай еді?! Приступ ұстағанда жерде домалап, мама құтқаршы дегенде төбе құйқам шымырлайтын. Қанша мәрте өзімді жегеннен мұрынымнан қан сау етіп, давлением 220-ға бірақ көтерілетін жағдайға жеттім.

Макияжы, маникюрді қалай жасайтын?! Соңғы екі жылда әр ай сайын реанимациядан шығара алмай қойдым.. Екі апта үйде, екі апта болницада. Синдром тернердің кесірі осылай болады жасы өскен сайын проблемаларыңыз көбейеді,-деп өтірік, топас тұжырым жасамай, біз білмейміз, миымыз жетпейді десе ертерек әкетер едім ғой. Қызымның жанын қинамай. Сеулге келгенде Алтынай ебіл-дебіл жылады. Өйткені біздің дәрігерлерден тек ауырту сезімдерін ғана көрдік. Палатаны басына көтеріп боздаған қызыма дардай профессорлық атағы бар Ли Джун Сонг өзі шоколад беріп, алдап сулап ауыртпаймын деп дос боп алды. Наркоздың өзін тіліңе таблетка салып ұйықтата салып диагностика жасады. Системаның өзін дым сездірмей көк тамырға қоя салады. Бір күнде барлық диагностиканы лыпылдатып жасай қояды. Анализ тапсырып бес күн тосу атымен жоқ. Сол моментте анализ қорытындысы шығады. Осының барлығы технологияның жетілгендігі.

Біздің үкіметтің ақшасы медицинаға жаңартылған аппаратура сатып алуға, дәрігерлердің біліктілігін көтеруге жетпейді емес, жетеді ғой. Неге өзгенің дамыған елдері тәрізді халықаралық талапқа сай медициналық ем алуға қақымыз жоқ?! Неге біз өзгеден кембіз бе?! Әлде қазақтың маңдайына тоқырап жүріп торығу ғана жазылған ба?! Жалғыз мен емес, бөтен елде тентіреп ем іздеп жүрген қаншама адам жүр?! Бәрінің айтатыны бір дүние “қазақстандық врачтардың тұжырымын жоққа шығарды” дейді. Не істейміз енді?! Бұған назар аударатын тірі жан тісті бара ма?!

Комментарий