Талқыдағы тақырып

Есей Жеңісұлы:”Бүгін бір таныс кісі көлікке отыра салып, “Сергекті” жамандады”

Бүгін бір таныс кісі көлікке отыра салып, “Сергекті” жамандады. Қосыла шауып, “қисынын тауып”, шер тарқатып алуға болар еді. Бірақ жақсы жағын айттым.
Мысалы, өткен бейсенбіде менің алдымды бір есерсоқ кесіп өтті. Сол жақтан болса бір сәрі, оң жақтан. Тежеуішті баспасам, алдымдағы мәшинемен екі ортада туралып түсер еді. Көлікте отбасымыз түгел отырдық, беті аулақ, бізге де зияны тиюі мүмкін-ді. Қуып жеттім, айылын жияр емес, балағаттап барады. Осындай “Шумахерлер” ертең үйіне ай сайын бірнеше жүз мың айыппұл келіп тұрса, ренжімесін. Ішкі тәртібі, мәдениеті жоқ адамдарды осындай қатал қажеттілік сәл де болса баяулатар, бәлкім…
Өзім қаладағы камераларға үш рет түстім. Бәрінде де өз кінәм бар. Мемлекетті, полицейлерді, камераны, “Сергекті” кінәлаудан жеңіл ештеңе жоқ. Өзің ше? 60 ш/сағ талап етілген жерде 80-мен жүрсең, камера түсірмегенде қайтеді? Ал ол – отбасылық бюджетіңе салмақ.
Өмір де солай. Асқан жылдамдық ақырыңа жақындатады. Күллі адамзат ақырына асығып барады. Айға, Марсқа көзді ашып-жұмғанша жеткісі келеді. Артында тындырмаған қаншама игі іс қалып жатыр десеңізші…

Комментарий