Қоғам | Общество

Алматыдағы жол апатында екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды

Көліктер Солтүстік айналымда соқтығысқан.

“Ақбұлақ” базарының маңында Hyundai Getz және LADA Granta жеңіл көліктері соқтығысып қалды.

Жол апаты салдарынан LADA Granta көлігі аударылып кеткен. Екі адам қаза тауып, тағы бесеуі түрлі жарақат алды.

Бес адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. LADA Granta көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы 1994 және 1997 жылғы екі адам жедел-жәрдем қызметкерлері келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Полиция апаттың мән-жайын анықтауы керек.

Комментарий