Елең еткізер | АктуальноҚоғам | Общество

«Қала әкімінің астынан су шықты ма?»: Мұхтар Шахановтың кешіне келгендер залдан шығып кетті

Жанында жүрген жанашырының бұл көрініске шыдамы жетпей, сахнада өксікке булығып тұрып сөйлеген.

Кеше Түркістан қаласында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың кеші өткен. Бірақ, ақын кешіне келген көрермен соңына дейін отырмай кетіп қалған, деп жазады zanmedia.kz ақпарат порталы, Baq.kz-ке сілтеме жасап.

“Сағат 16:00-ге жоспарланған Мұхтар Шаханов ақынымыздың “Баба Түркістан” кеші өтті. Әрине, кеш үлкен мәдениет сарайында өтсе бір сәрі, әрі кетсе 100 адамға арналған мәдениет үйіне “халық жинай алмау” деген – ұят дүние. Негізі бұл кешке халық жартылай жиналған. Алайда, кеш ортасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов құттықтау сөз айтып кеткен соң, қу тіршілігі бар халық та залда қалмады. Тек қалған 20 шақты ғана адам соңына дейін отырды” деп жазды блогер Мәдина Сарбалаева facebook парақшасына.

Оның айтуынша, жанында жүрген жанашырының бұл көрініске шыдамы жетпей, сахнада өксікке булығып тұрып сөйлеген.

“Туған жері, рухани астанаға келгенде көрсеткен құрметтерің осы ма? Ақынды тыңдайтын халық қайда? Соңына дейін отырған жандарға ақын атынан алғыс” деді. Расымен, 120 елден сыйлық алған, шығармасы 170 елдің тіліне аударылған ақынның кеші бұлай ұйымдастырылғаны – ұят тірлік. Көзі тірісінде құрметтемеген ақынды, өлгенде еске алу кештерін өткізу – сорақылық. Моңғолияда аяғын жерге тигізбей күткен ақынның өз елінде құрметі осы болды. “Мұндай боларын білгенде Түркістанға әкелмес едім” деді жанашыры жылап”, – дейді блогер.

Блогер жазбасының атсына желі белсенділері “Қала әкімінің астынан су шықты ма, неге жартысына шыдамай кетіп қалған? Елі үшін туған Ұлы тұлғаны қадірлеуден артық қандай маңызды шаруа болуы мүмкін? Әлде, сондай тапсырма келді ме екен?”, “Текст кеше басқаша еді…”, “Сауле Ералы Машинада отыр екен, көрдік. Қол бұлғадық. Басын изеп, жүріп кетті. Мəз болып біз қалдық” дегендей пікірлер қалдырған.

Комментарий