Спорт

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегінің күні нақтыланды

Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.

IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен серіктестіктегі Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн қазақстандықтың келесі жекпе-жегі қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

GGG көктемде рингке оралып, міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметке қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл кездесуде Геннадий 5 қазанда Сергей Деревянченкодан жеңіп алған IBF титулын алғаш рет қорғайды. Кездесу Чикагода өтеді деген жорамал бар.

«Головкин Шереметпен наурыздың соңында, нақтырақ айтсақ, 28 наурызда кездесуі мүмкін», – деп мәлімдеді Хирн.

Комментарий (1)

  1. Аслан

    Кутемиз…

Комментарий