Елең еткізер | АктуальноСаясат | Политика

Депутаттардың тиіспеушілік мәртебесі жойылмақ

Сонымен қатар, әр депутат мемлекеттік тілді жетік меңгеруге міндетті.

Украинаның Жоғары радасы депутаттардың тиіспеушілік мәртебесін жою туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Жобаға 291 депутат қолдап дауыс берді.

Құжат 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Негізінен Украинада үкімет ауысқалы бері, мемлекеттік құрылымда айтарлықтай жаңалықтар орын ала бастады. Өзгерістер қатарында, біріншіден, Конституцияда жазылған «парламент депутатын тұтқындауға немесе Раданың келісімінсіз қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды» деген мәтін маңызын жойды.

Екіншіден, «саннан сапаға» ұсынысына сәйкес, рада депутаттарының саны 450-ден 300-ге азайды. Сонымен қатар, әр депутат мемлекеттік тілді жетік меңгеруге міндетті.

Үшіншіден, Парламентке қоғам өмірінің түрлі салаларында заңдар мен Конституцияның сақталуын қадағалайтын уәкілдерді тағайындау құқығы берілді.

Төртіншіден, рада шенділері талаптарды бұзып, қызметіне селқос қараған жағдайда, депутаттық мандатынан айырылады.

Комментарий