Бас тақырып | Тема дняСаясат | Политика

Әдемі кетті: қазақстандықтар Назарбаевтың кететіні туралы жаңалықты қалай қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесінен кейін қазақстандық ғаламтор қызу талқыға кірісті.  “Өсу бойынша жылдамдық: дыбыс жылдамдығы, жарық жылдамдығы, Назарбаев туралы ақпараттың тарау жылдамдығы”, – деп пікір білдіруде қолданушылар дүрлікпе туралы, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде Жарлыққа қол қойылуын Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің туған күніне орай күтпеген тосынсый болғанын жазуда – кеше Байбек 45 жасқа толды.

Жалпы, президенттің соңғы мәлімдемесінің күні мен уақыты, яғни 2019 жылдың 19 наурызы, көптеген қолданушының назарын аударды.

Сондай-ақ, көршілес Қырғызстанның тұрғындарына да сауал жолданды. “Өтініш, кеңес беріңіздерші, президент ауысқан кезде не істеу керек? Әйтпесе біз білмейміз”. Оған жауап ретінде ресейліктер: “Неліктен Назарбарев челленджді біздің президентке бермеді?” – деп сұрауда.Ал қазақстандықтардың дені әзілді қойып, президентке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып жатыр.

Сонымен қатар қазақстандықтар президенттің міндетін уақытша Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратынына да әзілмен қарады.

“Тоқаевтың сыныптастарының тізіміне қалай жазылуға болады?”, “Енді екінші президент күні қашан демаламыз?” – деп әзілдеді қазақстандықтар әлеуметтік желіде.

Комментарий